Щучинск қаласында биатлоннан жазғы Азия Чемпионаты өтеді

Щучинск қаласында биатлоннан жазғы Азия Чемпионаты өтеді

2023 жылдың 29 тамызы мен 6 қыркүйегі аралығында Щучинск қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығында биатлоннан жазғы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағы.

Чемпионатқа Азия елдерінен келген жасөспірімдер де, жеткіншектер де, биатлоннан Әлем кубогының кезеңдерінде өнер көрсететін ересек спортшылар да қатысады. Спортшылар төрт түрлі сайыс бойынша жүлдеге таласады. Чемпионатқа Азияның сегіз мемлекетінен екі жүзге жуық спортшы қатысады деп күтіліп отыр.

Еске салайық, үстіміздегі жылдың наурыз айында Щучинск қаласында биатлоннан жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп, Бурабайды Азия құрлығындағы биатлонның орталығы ретінде нық бекіткен болатын. Жазғы Азия чемпионатынан кейін Щучинск қаласында қысқы Азия чемпионаты мен жазғы әлем чемпионатын өткізу жоспарлануда.

Чемпионат Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, Ақмола облысы әкімдігі және Қазақстан биатлоншылар одағының қолдауымен өтеді.

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған