Қазақстан биатлон құрамасы норвегиялық Trimtex брендімен серіктестікті бастайды
Қазақстан биатлон федерациясы норвегиялық премиум бренд Trimtex компаниясымен ресми серіктестікті бастағанын қуанышпен хабарлайды!

Trimtex - Олимпиада чемпионы Кристиан Блюмменфельт сияқты әлемдік жұлдыздар мен Скандинавияның үздік клубтары таңдайтын жоғары технологиялы киім бренді.
Trimtex біздің ұлттық құрама үшін арнайы эксклюзивті дизайн әзірлейді. Осылайша, Қазақстан құрамасы IBU Әлем кубогі кезеңдерінде бұл брендті таныстыратын ЕҢ АЛҒАШҚЫ ұлттық құрама болып тарихқа енеді! Trimtex компаниясына артқан үлкен сенімі үшін алғыс білдіреміз. Алда бізді ұзақ, жемісті серіктестік пен жаңа маусымдағы биік белестер күтіп тұр!





