Қазақстан

Қазақстан биатлоншылар одағы спорт ардагерлеріне арналған жаңа марапат тағайындады

Қазақстан биатлоншылар одағы жаңа құрметті марапат – «Еңбек сіңірген биатлон қайраткері» төсбелгісінің тағайындалғанын хабарлайды.
Қазақстан биатлоншылар одағы спорт ардагерлеріне арналған жаңа марапат тағайындады

Бұл марапат елімізде биатлонның қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан ардагер жаттықтырушыларға деген терең ризашылықтың белгісі ретінде құрылды. Ұстаздардың көп жылғы еңбегі мен төзімі – бүгінгі және болашақ жеңістердің берік іргетасы. Сондықтан ғұмырын биатлонға арнаған тұлғаларды құрметтеу біз үшін аса маңызды.

Федерацияның арнайы шешімімен осы жоғары марапаттың алғашқы иегерлері атанған аты аңызға айналған мамандар-Чурбаков Виктор Владимирович, Макаров Геннадий Петрович, Сизухин Владимир Петрович.

Қазақстан биатлоншылар одағы алғашқы лауреаттарды шын жүректен құттықтайды! Сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және сарқылмас қуат тілейміз. Отандық спортқа сіңірген қажырлы еңбектеріңіз үшін үлкен алғыс білдіреміз!