Биатлоннан Әлем кубогының жаңа маусымында Қазақстан намысын кімдер қорғайды

Ертең, 26 қарашада, Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан 2026/2027 маусымындағы Әлем кубогының алғашқы кезеңі басталады. Алғашқы кезеңге қатысатын Қазақстан ұлттық командасының тізімі Норвегия кубогындағы іріктеу жарыстарының нәтижесі бойынша жасақталды.

Ерлер құрамасының сапында Асет Дюсенов, Владислав Киреев, Александр Мухин және Кирилл Бауэр өнер көрсетеді. Әйелдер арасындағы жарыстарда ел намысын Милана Генева, Айша Ракишева, Лаура Киныбаева және Дарья Климина қорғайды.

Контиолахтидегі жарыс бағдарламасы ертең Астана уақытымен сағат 21:10-да ерлер арасындағы 20 шақырымдық жекелей жарыспен ашылады. Жұма, 27 қараша күні сағат 21:10-да әйелдер 15 шақырымдық жекелей жарысқа шығады. Сенбі, 28 қарашада командалық жарыстар өтеді: сағат 18:10-да жеке аралас эстафета, ал 20:15-те классикалық аралас эстафета басталады. Алғашқы кезең жексенбі, 29 қараша күні спринт жарыстарымен қорытындыланады: ерлер сағат 18:00-де 10 шақырымға, ал әйелдер 21:15-те 7,5 шақырымға жарысады.

Командаға жаңа маусымда сәттілік тілейміз!