Щучинскіде биатлон төрешілеріне арналған семинар өтті
2026 жылдың 19-22 қыркүйегі аралығында Щучинск қаласында қазақстандық биатлон төрешілеріне арналған республикалық семинар өтті. Бұл шара 2029 жылы Алматы қаласында өтетін қысқы Азия ойындарына жоғары білікті төрешілер корпусын жүйелі түрде дайындау мақсатында Қазақстан биатлон федерациясының бастамасымен ұйымдастырылды.

Бұл - Федерацияның төрешілерге арналған екінші білім беру жобасы. Алғашқы семинар өткен жылы Риддер қаласында сәтті өткен болатын.
Биылғы қарқынды оқу курсына еліміздің түкпір-түкпірінен 51 төреші қатысты. Семинар бағдарламасы кешенді түрде өтіп, жарыс ережелері бойынша тереңдетілген теориялық сабақтар мен спорт нысандарындағы практикалық жаттығуларды қамтыды.
Оқу курсын сәтті аяқтаған барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Семинарды Төрешілер алқасының басшысы Николай Николаевич Выдрин жүргізіп, өз тәжірибесімен бөлісіп, төрешілердің кәсіби деңгейін көтеруге үлес қосты.





