Қостанайлық бапкер биатлоннан үздік балалар жаттықтырушысы атанды
Қостанай облысы Қазақстанның спорт картасында өзін сенімді түрде танытып келеді. Өңірдің тәлімгері Мария Евгеньевна Королева «Grand Tour Biathlon» жобасы аясында Қазақстан Биатлоншылар Одағының нұсқасы бойынша «Жылдың үздік балалар жаттықтырушысы» құрметті атағына ие болды! Еңбегін бағалау және балалар спортын қолдау ретінде Федерация тарапынан Мария Евгеньевнаға 500 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы беріледі.

Қостанай облысында биатлон бөлімшесі 2023 жылдан ашылды. Алайда, осындай қысқа мерзім ішінде өңір үлкен серпіліс жасады: осы маусымда облыс өз тарихында алғаш рет жасөспірімдер арасындағы ҚР Кубогі-«Grand Tour Biathlon» турнирінің қысқы кезеңдерінің бірін сәтті өткізді. Биыл Мария Королеваның шәкірттері бұл жобаның нағыз жұлдыздарына айналды. Варвара Дудина екі дүркін чемпион атағын жеңіп алса, Татьяна Умурзакова мен Иллиан Базелинский бүкіл маусым бойы жалпы есепте көшбасшылықты сенімді ұстап, көшбасшылардың қызыл жейдесін мақтанышпен киіп жүрді.
Мария Евгеньевнаны лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз және оның шәкірттеріне жаңа спорттық биіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!





