Биатлоннан жастар арасындағы ҚР чемпионаты басталды
Бірінші күні жеке жарысқа Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарынан 150-ден астам спортшы қатысты.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша жасөспірім ерлер 12,5 км қашықтықта өнер көрсетіп, арасынан ақмолалық Данил Червенко көш бастады. Ол финишке 0:37.59 уақытта келсе, екінші болып Артем Афанастев 0:39.10 уақытта мәре сызығына жетті. Гуров Антон 0:40.23 уақытта үздік үштікке енді.
Жасөспірім қыздар арасынан 10 км қашықтықта Ульяна Ардалионова 0:39:49 уақытта бірінші болып, Яна Чупик 0:40:03 уақытта екінші болып, ал Адима Куанышбекова 0:42:14 уақытта үшінші болып аяқтады.
Жеткіншектер арасынан Вадим Середенко 12,5 км қашықтықта 0:47.17 уақытта топ жарса, Максим Зиновьев +28 секундқа кешігіп, 0:47:45 уақытта екінші болып, Леонид Жулин 0:48:09 көрсеткішпен үштікті аяқтады.
Қыздар құрамасы 10 км қашықтықта сынға түсіп, 0:45:55 уақытта Эвелина Рыбалкина бірінші, Анастасия Середнякова 0:47:02 уақытта екінші, ал
Валерия Миронова 0:47:04 уақытта үшінші орынды иеленді.
Бәсеке 21 қаңтарға дейін жалғасады. Соңғы жарыс күні спортшылар масс-стартта өнер көрсетеді.
Айта кетейік, жарыс нәтижесі бойынша Эстонияда өтетін жасөспірімдер мен жеткіншіктер арасындағы әлем чемпионатына қатысушылар анықталады.