Александр Мухин мен Владислав Киреев үздіктер қатарында

Германияның Оберхоф қаласында өтіп жатқан Әлем Кубогының төртінші кезеңінде биатлоннан 10 км қашықтыққа спринт сайысы өз мәресіне жетті. Аталған жарыста қазақстандық биатлоншылар Александр Мухин мен Владислав Киреев 100 спортшының арасынан үздік отыздыққа енді, деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі.
Александр Мухин мен Владислав Киреев үздіктер қатарында

Александр мәреге 16-шы болып жетті, ол жеңімпаздан небәрі 1:06.8 уақытқа есе жіберді. Айта кетейік, бұл оның  жеке жетістігіндегі ең үздік көрсеткіші. 

Владислав Киреев 29-шы болып жарысты аяқтады. Ол барлық нысанаға дәл тигізіп, +1:44.6 уақыттан кейін үздіктер қатарына енді. Осы жарыста ұлттық құрама сапында Асет Дюсенов те өнер көрсетті. Ол 71-ші болып,жеңімпаздан +3:07.9 уақыттан кейін жарысты аяқтады.

Алғашқы болып жеңіс тұғырына неміс спортшысы Бенедикт Долл (24:12.2) жетті. Екінші орынға норвегиялық спортшы Стурла Легрейд (+1.8), үшінші орынға тағы бір норвегиялық спортшы Эндре Стремсхайм жайғасты(+5.4).


Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған