Үздік отыздыққа енген және Оберхофтегі Әлем Кубогының VI-ші кезеңінде спринтте 29-шы орынға ие болған Александр Мухин жарыс туралы өз ойы мен әсерімен бөлісті.

"Әрине, өзім үшін де, барлық команда үшін де нәтижелеріміздің жақсарғанына өте қуаныштымын, бұл бәріміз ұмтылып отырған мақсат … ... Барлығына алғыс айтқым келеді. Бірінші кезекте, менің ата-анама, туыстарым мен жақындарыма және бүкіл отандық Құраманың қолдауы үшін, кімге қызықты көрінген және кімде кім жай ғана бақылап отырғандарға да алғыс білдіремін»
Үздік отыздыққа енген және Оберхофтегі Әлем Кубогының VI-ші кезеңінде спринтте 29-шы орынға ие болған Александр Мухин жарыс туралы өз ойы мен әсерімен бөлісті.

Жарыстың көшбасшылары болып норвегиялық Йоханнес Бе және Стурла Лагрейд және неміс Пффайфер аталды. Александр бір айыппұлды жатып атудан алып, алайда тұрып ату кезінде жақсы нәтиже көрсетіп, жақсы жылдамдықты сақтағанын көрсетті. Айта кетерлік жағдай, үздік 30-ға көтерілу ұлттық Құраманың ағымдағы маусымдағы жекелеген жарыстар арасындағы ең үздік нәтижесі болып отыр.

Александр Мухин: "Барлықтарыңызға сәлем! Жарыс алдында жеке ұпайлар үшін күресуге болатын сезім болды , сонымен қатар команда үшін бұл өте маңызды, егерде барлық нысандар жабылса, біз үш квота жасай алу мүмкіндігіміз пайда болды. Старт өте жақсы басталды, бәрі жақсы, жаттықтырушылар мен қызмет көрсетушілер жолда қолдады. Мен жолда бәрі қалыпты екенін сезіндім, бірақ жатып ату жағдайынан атудан кейін айыппұл салынып, қолымнан келгеннің бәрін жасау керек екенін түсіндім, дегенмен бәрі ойдағыдай болды. Мен жанымда Матвей Елисеев 6-шы болып келе жатыр екенін естіп, дәл сол сәтте мен бұл мүмкіндікті жіберіп алмауға екендігін түсіндім. Шаңғылар дұрыс жұмыс істеді (өте жақсы яғни), әрине, өзім үшін де , бүкіл команда үшін де нәтижелеріміздің жақсарғанына өте қуаныштымын, бұл бәріміз ұмтылып отырған мақсат. Біздің одан әрі күш салысып, жұмыс істеуіміз керек екеніне және жақын болашақта жақсы нәтижелерге қол жеткізуіміз және алда өсетін дәрежеміз бар екеніне сенімдімін. Бүгін ТОП-30-да, ертең одан әрі жоғары деңгейге жетуді көздейміз.

Барлығына алғыс айтқым келеді. Бірінші кезекте, менің ата-анам, туыстарым мен жақындарым және бүкіл отандық Құрамасының қолдауы үшін, кімге қызықты көрінген және кімде кім жай ғана бақылап отырғандарға да алғыс білдіремін".