Биатлоннан Қазақстан Чемпионаты мәресіне жетті: Маусымның үздіктері анықталды

Спринтте Александр Мухин (1 қателік; 26:10 мин) ерлер арасында чемпион атанды. Күміс Владислав Киреевке (+16 сек), қола Данил Червенкоға бұйырды. Әйелдер арасында Галина Вишневская-Шепоренко (0 қателік; 23:47 мин) алтын, Дарья Климина күміс, Ольга Полторанина қола жүлде алды.
Артем Афанасьев пен Мария Польдяева (нысананы түгел дәл көздеп) өз санаттарында жеңіске жетті. Александр Мухин мен Мария Польдяева қос алтынды еншіледі. Әйелдер арасында Анастасия Кондратьева, юниорларда Егор Гребенщиков үздік шықты.
Масс-старт бәсекесі
Александр Мухин турнирдегі үшінші алтынын иеленді (15 км; 39:03 мин; 2 промах). Әсет Дюсенов – екінші, Данил Червенко үшінші келді. Дарья Климина (38:01 мин; 5 промах) алтыннан алқа тақты. Галина Вишневская-Шепоренко мен Анастасия Кондратьева жүлдегерлер қатарынан көрінді.Владислав Малыков чемпион атанды. Юниор қыздарда Мария Польдяева масс-стартта жеңіске жетіп, чемпионаттағы төртінші алтын медалін бағындырды.
Чемпионат қорытындысы бойынша келесі қысқы маусымға арналған ұлттық құраманың жаңа құрамы жасақталады. Спортшылар мамыр айына дейін демалып, кейін оқу-жаттығу жиындарына кіріседі. Келесі маусымда Әлем Кубогі мен Әлем Чемпионатынан бөлек, Қысқы Азия ойындары мен Дүниежүзілік Универсиада өтеді.



