«Grand Tour Biathlon»: Үздік жас биатлоншылар Норвегияға барады

Қазақстан Биатлоншылар одағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы ел Кубогі мен чемпионатының жаңа форматын бекітті. Енді бұл жарыстар «Grand Tour Biathlon» брендімен өтеді. Жаңа формат 6 кезеңнен (4 қысқы және 2 жазғы) тұрады және еліміздің түрлі қалаларында ұйымдастырылады.
«Grand Tour Biathlon»: Үздік жас биатлоншылар Норвегияға барады

Жарыстың негізгі ерекшеліктері:

Жарыс Риддерде басталып, Орал, Павлодар, Щучинск, Петропавл қалаларында жалғасады. Ал финал жазда елорданың орталық паркінде өтеді. Көшбасшыларға арнайы қызыл және сары майкалар, сондай-ақ эксклюзивті Кубоктар беріледі. Балалар пневматикалық мылтықтармен атады. Рейтинг қорытындысы бойынша ең үздік 3-5 команда балалар инвентарін сатып алуға ақшалай сертификаттар алады.

Ал 2008-2010 жылғы үздік спортшылар халықаралық шараларға жолдама алады:

Норвегия: 10-15 сәуір аралығында өтетін ең ірі әлемдік балалар фестивалі.

IBU SPORT CAMP: Желтоқсан айында өтетін халықаралық балалар спорт лагері.

Қазақстандағы оқу-жаттығу жиыны: Тамыз айында Щучинск немесе Алматыда шетелдік мамандар мен Назарбаев Университеті профессорларының қатысуымен өтетін оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Қазақстан Биатлоншылар одағының бас хатшысы Манас Үсенов бұл жобаның басты мақсаты — өңірлерде биатлонды дамыту және Астана қаласында балалар бөлімін ашу екенін атап өтті.