Биатлоннан ҚР Кубогы басталды
Бірінші күні спринтерлік жарысқа Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қалаларынан 110-ға жуық спортшы қатысты.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша ерлер 7,5 км қашықтықта өнер көрсетіп, арасынан алматылық Темірлан Төлегенов көш бастады. Ол финишке 20:33.1 уақытта келсе, екінші болып ақмолалық Антон Башкиров 22.4 секундтан кейін, 20:55.5 уақытта мәре сызығына жетті. Қарағандылық Владимир Батрынча 22:06.0 уақытта үздік үштікке енді.
Әйелдер арасынан 6 км қашықтықта Елизавета Белецкая 19:28.4 уақытта бірінші болып, Дарья Климина 2,8 секунд айырмашылықпен 19:31.2 уақытта екінші болып, ал Надежда Пивоварова 20:09.0 уақытта үшінші болып аяқтады.
Жасөспірімдер арасынан Владислав Малыков 7,5 қашықтықта 20:43.8 уақытта топ жарса, Евгений Литвинов 17,5 секундқа кешігіп, 21:01.3 уақытта екінші болып, Артур Каданцев 21:22.9 көрсеткішпен үштікті аяқтады.
Жасөспірім қыздар құрамасы 6 км қашықтықта сынға түсіп, 20:16.6 уақытта Софья Унжакова бірінші, Ульяна Ардалионова 20:44.0 уақытта екінші, ал
Екатерина Мусохранова 20:49.7 уақытта үшінші орынды иеленді.
Ертең, 26 қарашада жарыстың соңғы күні өтеді. Спортшылар тағы да спринт дисциплинасы бойынша өнер көрсетеді.