Қырғызстанның (Чолпон-Ата) орта тау жағдайындағы ҚР биатлон Ұлттық командасының жиыны.

Спортшыларды қалпына келтіру мақсатында ҚР құрамасы 1-ші мен 12-ші маусым аралығында Қырғызстандағы (Чолпон-Ата) жазғы жиындарына аттанды. Арнайы дене шынықтыру спорт базасында, орта тау жағдайында өтіп жатқан жиын, өз алдына бөлек жаттығулардың тиімділігін арттырады.
Қырғызстанның (Чолпон-Ата) орта тау жағдайындағы ҚР биатлон Ұлттық командасының жиыны.

Биатлоннан ерлер командасының аға жаттықтырушысы Мухин Александр жаттығулар жайлы:

"ҚР биатлоннан Құрама командасында 2021-22 жж. маусымының жазғы жиынтық кезеңі де келіп қалды. ҰОК басшылығы мен жаттықтырушылар штабы жоспарлағандай, команда орта тау жағдайындағы үш шағын жиынтық өткізбек, олар: Алматыдағы (Талғар) 17-ші мамырдан 1-ші маусымға дейін, Қырғызстандағы (Шолпон-Ата) 1-12 маусым аралығында, және сондай-ақ Риддер қаласындағы 13-24 маусым аралығында.

Бұл жаттығулардағы басты мақсат пен бағыт спортшылардың аэробты қасиеттері мен күш жаттығуларын дамытуға арналған. Барлық қатысушылар жақсы қалыпта деп айтуға болады, сондықтан да жиындар жоспарланғандай үзіліссіз өтуде.

Барлық жаттықтырушылар штабы мен медициналық персонал ҚР ҰОК қаржысы есебінен сәтті іс-сапарға шықты. Спортшылар болса облыстық басқармалар мен ЖСШМ есебінен жіберілді, сол үшін облыстық ұйым басшыларына көрсеткен қолдаулары үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді.»


Ұлттық Құрама тізімі:

Вишневская Галина

Кондратьева Анастасия

Бельченко Елизавета

Мухин Александр

Сирик Сергей

Белецкий Данил

Дюсенов Асет

Скрипкина Алина

Долгополова Ксения

Еремин Владимир