ҚР биатлоншылар Одағының Кубогі жүлдесіне арналған балалар жарысы

Жыл сайын аталмыш жарыстардың мәртебесі артып келе жатқанына өте қуаныштымыз. Оның тағы бір түпкі себебі ҚБО мен қабылданған, балалар спортына көңіл бөлінетін өңірлерді қолдап,алға тартып, барынша материалдық қамтамасыз етіп, өз мақсаттарын сәтті түрде іске асырып келе жатқа, балалар спортын дамыту үшін қабылданған арнайы бағдарлама. Осы бағдарлама шеңбері жыл сайын өзінің ауқымын кеңейтіп келеді. Биатлоншылар Одағы Қазақстанда балалар биатлоны спортын дамыту бойынша барлық жоспарларды табысты іске асыру үшін, жоғарыда аталып кеткен ҚБО Кубогі секілді шараларды одан әрі дамытып, үздіксіз, жүйелі түрде өткізуге міндеттеледі.
Осыған орай, жақын арада балаларға арналған биатлон спорты дамып келе жатқан барлық облыстардың қатысушылар өкілдеріне, жарыстар өтіп жатқан, Петропавл қаласында "Олимпиадалық резерв орталығында" жаңа биатлондық құрал-жабдықтары ресми түрде тапсырылатынын хабарлаймыз. Атап айтқанда, бұл жаңа роликтер мен пневматикалық мылтықтар болады.
Осы жылы ҚБО Кубогі жүлдесіне арналған балалар жарыстарында Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарынан 110 бала ат салысып жатыр. Жыл сайын биатлонға деген қызығушылық пен танымалдықтың өскелең ұрпақ арасында артып келе жатқаны бізді өте қуантады!



