Бас бапкер Мақсат Шаранов Норвегиядағы IBU академиясы курсының екінші деңгейін аяқтады

Курстың негізгі тақырыптары мына бағыттарды қамтыды: винтовкамен жұмыс, ату және шаңғы тебу техникасы, физиология, күш пен икемділік, команда құру, қалпына келу және жарақаттың алдын алу, сондай-ақ жаттығу ғылымы. Курс лекторлары ретінде Зигфрид Мазе, Ларс Аксель Нюгард, Ойвинд Сандбакк және Керри МакГоули бастаған танымал халықаралық мамандар дәріс берді. Бағдарлама техникалық дағдыларды дамытумен қатар, тиімді жаттығу мен қалпына келу процестерінің ғылыми негіздерін түсіндіруге бағытталды.
Енді ұлттық құраманың бас бапкері Мақсат Шаранов алған жаңа білімі мен халықаралық тәжірибесін елімізде биатлонды дамытуға қолданады.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылдың 7-12 шілде аралығында Щучинск қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығының базасында бапкерлердің біліктілігін арттыруға арналған IBU Академиясының бағдарламасы алғаш рет ұйымдастырылады. Шара аясында Германия мен Норвегиядан келген тәжірибелі мамандар сабақ береді. Оған Қазақстаннан 20 жас бапкер қатысады.
Фото: IBU



