Солтүстік Қазақстан өңіріндегі жазғы жарыстардың ресми аяқталуы. ҚР биатлоншылар Одағы атынан арнайы сыйлықтар мен жүлделер және қатысушы өкілдерін жаңа биатлон жабдықтарымен қамтамасыздандыру

Қымбатты достар, бүгінде осы жаздың биатлондық екі ірі іс-шарасы, жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР Жазғы Чемпионаты және балалар арасындағы ҚР биатлоншылар Одағының Кубогінің ресми түрде аяқталғанын хабарлаймыз!
Солтүстік Қазақстан өңіріндегі жазғы жарыстардың ресми аяқталуы. ҚР биатлоншылар Одағы атынан арнайы сыйлықтар мен жүлделер және қатысушы өкілдерін жаңа биатлон жабдықтарымен қамтамасыздандыру

Дәстүрлі түрде, жарыстарды тамамдаған, Қазақстан биатлоншылар Одағының атынан арнайы жүлделер мен сыйлықтар тапсыру рәсімі және жарысқа қатысушы өңірлердің барлық өкілдеріне жаңа роллерлер мен пневматикалық винтовкаларды тарату рәсімі болды.

Солтүстік Қазақстан облысынан, жарыстардың бас ұйымдастырушыларының бірі және жаттықтырушы Ильин Игорь Владимирович аталмыш үлкен жарыстар туралы пікірмен бөлісіп, өз алғысын білдірді.

«Айта кетерліктей, Қазақстан биатлоншылар Одағы мұндай жарыстарды бірінші жыл өткізіп отырған жоқ. Жыл сайын балалар спортын дамытуға көңіл бөлулеріне алғыс білдіреміз! Бұл жолы да, дәстүрден қалмай бізді жаңа «Пионер» пневматикалық мылтықтары мен жаңа роллерлермен қуантты. Сонымен қатар, қыркүйек айында ҚБО қосымша шаңғы ролллерлерімен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр, біз үшін бұл өте жақсы жаңалық!

Аталмыш жарыстарды өткізуге қолдау көрсеткені үшін Солтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру басқармасына, сондай-ақ Борки кентінде біздің келген қатысушыларға жатақхана ұсынған индустриялық-педагогикалық колледжге алғыс білдіргіміз келеді.»