Биатлоннан ерлер құрамасы Ұлттар Лигасында үздік 15-ке еніп, алдағы қысқы маусымға 4 квота жеңіп алды

Бүгін Канаданың Канмор қаласында Әлем Кубогының соңғы кезеңінде биатлоннан ерлер арасындағы 10 км қашықтыққа спринт жарысы өтті, деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі.
Биатлоннан ерлер құрамасы Ұлттар Лигасында үздік 15-ке еніп, алдағы қысқы маусымға 4 квота жеңіп алды

Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Александр Мухин, Владислав Киреев және Асет Дюсенов өнер көрсетті. Владислав Киреев алғашқы ату айлағында мергендік танытып, барлық межені дәл көздесе, екінші айналымда 2 оғы қиыс кетті. Ол жеңімпазға 2 минут 44 секундқа есе жіберіп, мәреге 32-ші болып жетті. Александр Мухин де жарысты сенімді бастады. Бірінші кезеңде барлық нысананы дәл көздесе, екінші кезеңде бір қателік жіберді. Нәтижесінде жарыс көшбасшысынан 2 минут 49 секундтан кейін сайысты 34-ші болып аяқтады. Асет Дюсенов алғашқы айналымда мінсіз дәлдік көрсетсе, екінші айналымда 3 қате жіберді. Әйтсе де, 101 қатысушының арасынан 75-ші болып мәре сызығын кесіп өтті. Жарысты 23 минут 37 секундта аяқтаған Йоханнес Бё спринт чемпионы атанды. Оның ізінен итальяндық биатлоншы Томмазо Джакомель мәреге жетсе, Тарьей Бё үшінші орынға табан тіреді.

 Бүгінгі жарыстан кейін биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы Ұлттар Кубогы рейтингінде Эстонияны басып озып, 15-орынға көтерілді. Бұл бізге келесі қысқы маусымға 4 квота береді, яғни бұл өткен жылмен салыстырғанда бір адамға артық. Естеріңізге сала кетейік, былтырғы жылы команда  19-орынға тұрақтаған еді, енді биыл 4 сатыға көтерілдік. Алдағы маусымда өтетін Азия ойындары мен 2026 жылғы Олимпиада ойындарын ескерсек, ерлер құрамасының жетістіктері көңіл қуантады.Осы орайда, барлық команданың, жаттықтырушылар құрамының, әсіресе ерлер құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Николаевич Мухиннің еңбегін атап өткен жөн.

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған