IBU Junior Cup: биатлоншылар үздіктер қатарында

Бүгін Польшаның Якушице қаласында биатлоннан юниорлар арасындағы IBU Кубогының үшінші кезеңі аясында екінші спринт жарысы аяқталды.
IBU Junior Cup: биатлоншылар үздіктер қатарында

Нәтижесі бойынша, ерлер арасында өткен 10 км спринтте  Вадим Куралес 103 спортшының арасынан мәреге 5-ші болып жетті. (+25.0; 2). Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсеткен  өзге де биатлоншыларымыз Гребенщиков Егор  7-ші, Червенко Данил 16-шы, Афанасьев Артем 45-ші, Амурлаев Руслан 53-ші болып жарысты аяқтады.Алғашқы болып жеңіске австриялық Лукас Хаслингер (29:31.4;1) жетсе, екінші болып тағы бір австрия биатлоншысы  Давид Ноймайр (+20.2;1) үшінші болып неміс спортшысы Беньямин Менц келді.(+20.9;2) 

Ал қыздар арасында алғашқы спринт сайысында 7,5 км қашықтықта биатлоншымыз Генева Милана 87 спортшының арасынан үздік ондыққа  ілікті. Ол мәреге 6-шы болып жетті. (+2:00.4; 1). Крюкова Арина мәреге 21-ші, Мария Польдяева 41-ші, Карабаева Алема 49-шы, Долгополова Ксения 73-ші болып жетті. Алғашқы болып жеңіске австриялық Анна Андексер (24:05.9;1) жетсе, екінші болып неміс биатлоншысы  Алина Нуссбикер (+1:29.0;1) үшінші болып тағы бір неміс спортшысы Юлия Фоглер келді.(+1:46.7). Осылайша, юниорлар құрамасы екі күн қатарынан үздіктер қатарынан көрінді. Естеріңізге сала кетейік, енді команда 5-11 ақпан аралығында өтетін Еуропа чемпионатында бақ сынайды.

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған