Биатлоннан Әлем Чемпионаты: Ұлттық құраманың нәтижелері

Чехияның Нове-Место қаласында биатлоннан кезекті Әлем Чемпионаты өтті. Қазақстан Биатлоншылар одағы басты додадағы отандық спортшылардың көрсеткіштерін қорытындылады.
Биатлоннан Әлем Чемпионаты: Ұлттық құраманың нәтижелері

Аралас эстафета: Александр Мухин, Владислав Киреев, Галина Вишневская-Шепоренко және Полина Егоровадан құралған ел құрамасы жарысты 21-орынмен аяқтады. Александр Мухин алғашқы кезеңді үздік бестікте (5-орын) аяқтап, эстафетаны сәтті берді.

Жекелей аралас эстафета (Single Mixed): Галина Вишневская-Шепоренко мен Александр Мухин жұбы 23-сатыға тұрақтады. Франция құрамасы алтын, Италия күміс, Норвегия қола жүлде иеленді.

Спринтте Александр Мухин 35-орын, Владислав Киреев 45-орын алып, із кесу жарысына жолдама алды. Әсет Дюсенов мәреге 68-болып жетті. Із кесу бәсекесінде А. Мухин сәтті өнер көрсетіп, ТОП-30 қатарына енді, ал В. Киреев 52-орынды иеленді.Әйелдер спринт жарысында Г. Вишневская-Шепоренко – 43, А. Скрипкина – 78, П. Егорова 82-орын алды.

Жекелей жарыста Галина Вишневская-Шепоренко ату алаңында бірде-бір қателік жібермей (0 промах), 91 қатысушының ішінен 24-орынға табан тіреді (ТОП-25). Спортшы декреттік демалыстан кейін бабына келе жатқанын және 2026 жылғы Олимпиадаға дайындалып жатқанын атап өтті. О. Полторанина – 66, П. Егорова 82-сатыдан көрінді.

Владислав Киреев 3 қателікпен 47-орын алып, өткен жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өсім көрсетті. Н. Акимов – 72-орын алса, А. Мухин 7 қателікпен 81-орынға тұрақтады, бірақ таза шаңғы жүрісі бойынша 27-көрсеткішке ие болды.

Анықтама: Александр Мухин осы маусымда ерлер құрамасының тұрақты көшбасшысы атанды. Ол Әлем Кубогі кезеңдерінде тұрақты түрде ТОП-30 қатарына еніп, масс-стартқа жолдама алды және Оберхофтағы эстафетада команданың 11-орын алуына зор үлес қосты.