Биатлоннан ҚР құрамасының көшбасшысы Галина Вишневская-Шепоренко жарыстарға қатысушылардың қатарына қосылуы жайлы пікірмен бөлісті. Жаңа жыл, жаңа өмір және жаңа мақсаттар!

Галина өз өміріңдегі өзгерістер туралы және денсаулығына байланысты үзілістен кейін Құрамаға көптен күткен оралуы жайлы бөлісті.
Биатлоннан ҚР құрамасының көшбасшысы Галина Вишневская-Шепоренко жарыстарға қатысушылардың қатарына қосылуы жайлы пікірмен бөлісті. Жаңа жыл, жаңа өмір және жаңа мақсаттар!

- Галина, ең алдымен, сіздерді неке қиюмен құттықтаймыз! Осы қуанышты жағдай жайлы бізбен әсеріңізбен бөлісесіз бе

Біз жолдасымыз екеуіміз бір-бірімізді бірнеше жыл танимыз. Ол маған үлкен қолдау көрсетеді. Әрине, біз үлкен мерекені қалайтынбыз, алайда қазіргі уақытта оның реті келмей тұр. Дегенмен бұл бастысы емес деп ойлаймын. Ең бастысы-махаббат, денсаулық және жақынына қолдау көрсету.

- Сіздің денсаулығыңыз қазіргі кезде қандай күйде? Өз жағдайыңызды қалай бағалайсыз?

Жауап беру қиын, бірақ мен ең  өзімнің ең жақсы спорттық формама келуді қалаймын.

 

- Жалпы әлемдік те қазақстандық та спорт пандемияға байланысты түрлі шектеулермен кездестіал сіз болсаңыз карантинді қалай өткіздіңіз? (жаттығуға мүмкіндік болды ма?)

Қатты аяз, қардың болмауы және оқу-жаттығу жиынтықтарына шектеулер  болғанына, сонымен қатар денсаулыққа қатысты мәселелер, осының барлығы үлкен бөгет болды әрине. Алайда, жеке жаттықтырушы Р.Мерсалимов екеуміз кестемізге түзетулер енгізіп, аздап жаттығу жиынтықтарын жасай алдық.

- Барлық жанкүйерлер сіздің қайтып келуіңізді күтіп отырды және Сізге үлкен үміт артты, сіз бізбен сіздің жақын мақсаттарыңыз бен мақсаттарыңыз туралы бөлісесіз бе?

Ең бірінші Әлем кубогының кезеңдеріне қатысу және әлем чемпионатына дайындық. Қазір мен үшін ең басты мақсат — жылдам өз спорттық қалпыма келу. Біздің басшылыққа, құрамаға және барлық жанкүйерлерден тұратын үлкен отбасымызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтқым келеді! Сіздерге үлкен рахмет!!!