Планируется открытие отделения биатлона в Аккольском районе
Бүгін Ақмола облысы, Ақкөл ауданының әкімі Абдрахманов Біржан Тасболатұлы, Қазақстан Биатлоншылар Одағының бас хатшысы Манас Үсенов, аудан әкімінің орынбасары Ахмеджанов Саят Қайроллаұлы, жергілікті спорт басқармасының басшысы Усанов Сергей Михайлович, биатлоннан спорт шебері, 4 дүркін Азия ойындарының чемпионы Александр Червяков және биатлоннан Азия чемпионы Анна Лебедеваның қатысуымен өңірде биатлон бөлімін ашу және балалар спортын дамыту мәселелері талқыланды.
Жиын барысында Манас Үсенов Ақкөл ауданында биатлон спортын дамыту үшін өте қолайлы табиғат, білікті жаттықтырушылар барын әрі федерация тарапынан спорттық инвентарь бойынша қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
Қазіргі таңда Ақкөл ауданында Александр Червяков және Анна Лебедеваның бастамасымен 50-ден астам бала биатлон спортымен айналысуда. Айта кетейік, қос чемпион екінші үйлерінде шағын биатлон базасын ашып, өз күштерімен өңірде шаңғы спортын дамытуда. Алдағы уақытта жергілікті әкімдік тарапынан қолдау көрсетіліп, биатлон базасы ашылса, федерация республикалық балалар арасындағы Grand Tour Biathlon жарысының бір кезеңін Ақкөл өңірінде өткізуге дайын.