2022/2023 маусымының соңы
Сондай-ақ Қазақстан Биатлоншылар Одағы жасөспірім мен балалар биатлонын дамыту бағдарламасы аясында және әрбір облыс құрамаларына қолдау көрсету мақсатында шаңғы, бекіткіш, таяқ түріндегі құрал-жабдықтар таратты. Бұл бастаманы федерация 5-ші жыл қатарынан қолға алып отыр. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында кеше Қазақстан биатлоншылар одағының жүлделері үшін балалар арасындағы Кубогының тағы бір кезеңі аяқталды. Жалпы, 7 облыс және 140-тан астам спортшы қатысты. Сонымен қатар, Щучинск қаласында өткен Жастар арасындағы әлем чемпионатына іріктеліп қатысқан, әрбір 20 спортшыға жеке шанғы сыйға тартылды.
Маусым соңында Қазақстан биатлоншылар одағы Олимпиадалық даярлау орталығымен бірлесіп жаттықтырушылар отырысын өткізді. Маусым қорытындысы бойынша Ұлттық және жастар құрамаларының бапкерлері тыңдалды. Ұлттық және жастар құрамаларының негізгі халықаралық жарыстардағы, соның ішінде үйдегі Жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы әлем чемпионатындағы өнер көрсетуінің қорытындысы шығарылды. Жаттықтырушылар әр спортшының маусымдық көрсеткіштеріне жан-жақты талдау жасап, дайындық кезеңінде қандай қиындықтар болғанын айтып берді. Сондай-ақ олар ұлттық және жастар құрамаларының келесі маусымға дайындық жоспарын ұсынды. Келесі маусымға ұлттық және жастар құрамасының жаңартылған спортшылар мен бапкерлер тізімі Федерация мен Спорт және Мәдениет Министрлігі тарапынан жақын арады қсынылатын болады.
Сонымен 2022/2023 маусымы аяқталады. Біз спортшыларымызға, жаттықтырушыларымызға, әріптестерімізге, серіктестерімізге, сондай-ақ спорт және мәдениет Министрлігіне және спортты дамыту басқармасына биылғы маусымда тамаша жұмыс жасап, қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз. Келесі маусымда біз жаңа күш пен тың идеялармен жұмысты бастауды, сонымен қатар жаңа биіктерге жетуді және көкжиегімізді кеңейтуді жоспарладық!