7-14 ақпан аралығында Харбин қаласында өтетін Қысқы Азия ойындары осымен 9-шы рет ұйымдастырылғалы отырған байрақты бәсеке.  Азия ойындары Харбинде осымен екінші рет, ал жалпы ҚХР-да үшінші мәрте өтеді. 

2025 жылы Қазақстан құрамасы сапында Азия ойындарында 10 биатлоншы қатысады. Олардың арасында – Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы Александр Мухин, Универсиаданың екі дүркін күміс жүлдегері Асет Дюсенов, Азия чемпионы Владислав Киреев, жасөспірімдер арасындағы Әлем кубогы кезеңінің екі дүркін күміс жүлдегері Вадим Куралес және 2025 жылғы қысқы Универсиаданың қола жүлдегері Кирилл Бауэр бар. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ерлер эстафеталық командасы 2024 жылғы Әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді.

Әйелдер құрамасында Елизавета Белецкая, Полина Егорова, 2011 жылғы Азия ойындарының чемпионы Ольга Полторанина, 2017 жылғы Азиаданың екі дүркін қола жүлдегері және чемпионы Дарья Климина, сонымен қатар 2025 жылғы қысқы Универсиаданың қола жүлдегері Арина Крюкова бар екенін айта кеткен жөн. 

Қазақстандық биатлоншылардың Азия ойындарына қатысу тарихында біздің команда 19 алтынды қоса алғанда 44 медаль жеңіп алғанын ескерсек, алдағы Азия ойындарында Қазақстан биатлоннан жалпы медальдық есепте көшбасшы болады деп сеніммен айтуға болады. Бұл ретте, ерлер командасын биатлоннан спорт шебері Александр Мухин, ал әйелдер командасын олимпиада чемпиондары мен әлем чемпионаттарының жеңімпаздары жаттыққан Владимир Королькевич жаттықтыратынын білеміз. Жаттықтырушылар штабының жалпы басшылығын Мақсат Шаранов жүзеге асырады. Осының барлығы Азия ойындарында биатлоншылардың ерлер мен әйелдер арасындағы спринттік және эстафеталық жарыстарда жоғары нәтиже көрсететініне сенім ұялатады.

Ойындардың салтанатты ашылу рәсімі 7 ақпанда, ал жабылуы 14 ақпанда өтеді, және екі рәсім де Харбин қаласындағы Harbin International Convention and Exhibition Centre Stadium стадионында өткізіледі.

Жаңалықтар

Жаттықтырушылар

Спортшылар

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2025 Барлық құқықтар қорғалған