
Климина Дарья

Жетістіктері: Қысқы Азия ойындарының чемпионы (Саппоро, 2017). Қысқы Азия ойындарының көпдүркін жүлдегері (2017, 2025). Азия чемпионаттарының көпдүркін жүлдегері. Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы (Сочи-2014, Пхёнчхан-2018).
Үздік нәтижелері:
14-орын — Контиолахтидегі (Финляндия) 2016/2017 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің спринт жарысы (Әлем кубогындағы үздік жеке жетістігі);
15-орын — Эстерсундтегі (Швеция) 2014/2015 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің жекелей жарысы;
27-орын — Холменколлендегі (Норвегия) 2016 жылғы Әлем чемпионатының спринт жарысы;
40-орын — Сочидегі (Ресей) 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының жекелей жарысы;
1-орын — 2017 жылғы Қысқы Азия ойындарының (Саппоро, Жапония) аралас эстафетасы;
3-орын — 2017 жылғы Қысқы Азия ойындарының (Саппоро, Жапония) ізге түсу жарысы мен масс-старт жарысы;
3-орын — 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының (Харбин, Қытай) әйелдер эстафетасы;
8-орын — Холменколлендегі (Норвегия) 2016 жылғы Әлем чемпионатының әйелдер эстафетасы.
Сондай-ақ оқыңыз



