Биатлоншылардың Азиададағы Триумфы: бір күнде алтын және күміс жүлде!
Қысқы Азия ойындарында биатлоншыларымыз ел қоржынын қос жүлдемен толтырды. Владислав Киреев Қазақстан құрамасына ақ Азиаданың үшінші алтынын сыйлады. Ал, Вадим Куралес күміс жүлдемен қуантты.

Владислав спринт жарысында 10 км қашықтықты 29 минут, 47.4 секундта бағындырып, 33 спортшының арасынан топ бастады. Оның ату кезеңінде бір ғана оғы мүлт кетті. Тағы бір биатлоншымыз Вадим Куралес 30 минут, 13 секундта мәре сызығын кесіп өтіп, күміс жүлдені иеленді. Айта кетейік, бұл қос спортшы үшін де алғашқы Азия ойындары.
Азия ойындарының бағдарламасында алда әлі биатлоннан ерлер және әйелдер эстафетасы бар. Ақпанның 13 і күні өтетін жарыста мерген шаңғышыларымыз тағы да жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенеміз.
Фото: Нұрғали Жұмағазы