Киреев Владислав

Киреев Владислав
Елі: Қазақстан
Туған жері: Қарағанды облысы, Теміртау қаласы
Туған күні: 25.09.2000
Instagram: @vlad21_14

Жетістіктері:Бейжіңдегі 2022 жылғы және Миландағы 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының қатысушысы. 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының чемпионы (спринт). 2025 жылғы Қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері (эстафета). Биатлоннан Азия чемпионы. Қазақстан Республикасының көпдүркін чемпионы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 

Үздік нәтижесі:

20-орын — Хохфильцендегі (Австрия) 2025/2026 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің ізге түсу жарысы (пасьют);

33-орын — Рупольдингтегі (Германия) 2025/2026 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің ізге түсу жарысы (төрт ату шебінде бірде-бір қатесіз);

25-орын — Бейжіңдегі (Қытай) 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының жекелей жарысы;

42-орын — Миландағы (Италия) 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының ізге түсу жарысы (пасьют);

29-орын — Кенмордағы (Канада) 2022/2023 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің спринт жарысы;

35-орын — Эстерсундтегі (Швеция) 2025/2026 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің ізге түсу жарысы (пасьют);

37-орын — Нове-Местодағы (Чехия) 2025/2026 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің қысқартылған жекелей жарысы;

9-орын — Обертиллиахтегі (Австрия) 2021/2022 жылғы маусымдағы IBU Кубогы кезеңінің спринт жарысы;

10-орын — Нове-Местодағы (Чехия) 2024 жылғы Әлем чемпионатының ерлер эстафетасы;

11-орын — Оберхофтағы (Германия) 2023/2024 жылғы маусымдағы Әлем кубогы кезеңінің эстафетасы.