Ерлер құрамасы Қысқы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды

Харбинде биатлоннан ерлер арасындағы эстафеталық жарыс аяқталды. Қазақстан ұлттық құрамасы бұл бәсекеде күміс медальға қол жеткізді! Сайыста ел намысын Александр Мухин, Әсет Дюсенов, Кирилл Бауэр және Владислав Киреев қорғады.
Ерлер құрамасы Қысқы Азия ойындарында күміс жүлде жеңіп алды

Алғашқы кезеңде Александр Мухин айып айналымына жүгіріп, эстафетаны 5-ші болып өткізді. Одан кейін жарысты жалғастырған Әсет Дюсенов нағыз төзімділік пен мінез көрсетіп, эстафета таяқшасын Кирилл Бауэрге 1-ші орында табыстады. Кирилл командамызды үздік үштіктің қатарында сақтап қалса, соңғы кезеңде Владислав Киреев мықтылық танытып, команданы 2-ші орынға шығарды. Нәтижесінде Қазақстан қоржынына күміс жүлде салынды. Жарыста Жапония құрамасы алтын, Қытай командасы қола жүлдені иеленді.

Осы Қысқы Азия ойындарының қорытындысы бойынша біздің биатлоншыларымыздың еншісінде бір алтын, екі күміс және бір қола медаль бар. Енді командамыз Әлем чемпионатына қатысу үшін Швейцарияға аттанады.

Фото: Тұрар Қазанғапов