Әйелдер құрамасы Қытайдағы Қысқы Азия ойындарында қола жүлде жеңіп алды
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Қысқы Азия ойындарында биатлоннан әйелдер құрамамыз эстафеталық жарыста қола медальға қол жеткізді!

Бұл бәсекеде ел намысын Ольга Полторанина, Даша Климина, Арина Крюкова және Елизавета Белецкая қорғады. Жарыста Қытай құрамасы алтыннан алқа тақса, күміс жүлде Корея командасына бұйырды.
Еске сала кетейік, бұған дейін ерлер арасындағы спринт жарысында Қазақстан қоржынына екі медаль түскен болатын: Владислав Киреев алтын тұғырдан көрінсе, Вадим Куралес күміс жүлдені еншілеген еді. Ендігі бүкіл назарымыз ерлер арасындағы эстафета бәсекесінде. Біз командамыздан Қазақстан үшін тағы бір жаңа жүлде күтеміз!
Фото: Нұрғали Жұмағазы



