Ақмола биатлонының алтын мерейтойы: Жеңіспен өрілген 50 жыл!

Ақмола облысы – отандық биатлонның қара шаңырағы. Биыл өңірдегі осынау айбынды спорт түрінің іргетасы қаланғанына тура 50 жыл толды. Жарты ғасыр ішінде Ақмола мектебі алғашқы энтузиастардан бастап, әлемдік деңгейдегі чемпиондарды тәрбиелеп шығаруға дейінгі даңқты жолдан өтті. Осы уақыт ішінде Қазақстанның атын қысқы спорт түрлері бойынша әлемдік элита қатарына қосты.
Ақмола биатлонының алтын мерейтойы: Жеңіспен өрілген 50 жыл!

Осынау айтулы мерейтой аясында Қазақстан биатлоншылар одағы осы спорттың бастауында тұрған тұлғаларға ерекше құрмет көрсетті. Биатлон – тек техника мен мергендік емес, бұл – ұрпақтар сабақтастығы мен тамырына деген терең құрмет.

Өңірде биатлонның берік іргетасын қалаған, осы саланың нағыз ақсақалдары мен ардагерлері Макаров Геннадий Петровичке, Чурбаков Виктор Владимировичке,Владимир Петрович Сизухинге және Викулов Юрий Гавриловичке (облыстың аға жаттықтырушысы) салтанатты түрде алғыс хаттар табыс етілді.

Салтанатты шараның ең әсерлі сәті Федерацияның игі дәстүріне айналған ерекше естелік белгіні табыстау рәсімі болды. Ардагерлерге Әлем кубогы кезеңіндегі жарыс жейдесі салынған арнайы естелік рамкасы сыйға тартылды. Жейдеде мақтанышпен жазылған «Ақмола – 50 жыл» деген жазу бар. Бұл сыйлық өңірлік спорттың дамуы мен қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктері арасындағы ажырамас байланыстың символы іспеттес.

Ақмола өңірі әрқашан өзіндік «шыңдалу мектебімен» аты шыққан. Жергілікті биатлон мектебі елімізге ондаған спорт шеберлерін, Олимпиада ойындарының қатысушыларын және Азия ойындарының жеңімпаздарын сыйлады. Ақмола биатлонының мерейтойы құтты болсын! Әрбір атылған оқ нысанаға дөп тиіп, әрбір шаңғы жолы жаңа рекордтарға бастай берсін!  

Ақмола биатлонының алтын мерейтойы: Жеңіспен өрілген 50 жыл!Ақмола биатлонының алтын мерейтойы: Жеңіспен өрілген 50 жыл!Ақмола биатлонының алтын мерейтойы: Жеңіспен өрілген 50 жыл!Ақмола биатлонының алтын мерейтойы: Жеңіспен өрілген 50 жыл!