Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қаласында пневматикалық винтовкаларға арналған атыс алаңының құрылысы аяқталуда.

Биатлон мен шаңғы тебу спорты үшін стратегиялық маңызды жоба, қала орталығында, Матренин Соколок мұнарасында орын тапты. Құрылыстың аса маңызды бөлімі деп атыс алаңын құру және шаңғы-роликтік жолды қалпына келтіру, соған қоса оны үш шақырымға созу жайлы шешімдерді атап кеткен жөн. Спорт кешенің қалпына келтіру және кеңейту сызбасын биатлоннан спорт шеберіне үміткер, балалар жаттықтырушысы және «Олимпиец» спорт клубының басшысы, Михаил Ковалев, бастаған белсенділер тобы әзірледі. Естеріңізге сала кетсек, жобаны іске асыру 2018 жылы басталған еді, ал келесі жыл ішінде жобаны қаржыландыруға бірқатар демеушілер тартылды. Сондай-ақ, белсенділер мен жергілікті тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының көмегімен, биатлонның ережелеріне сәйкес, атыс алаңының жолы тегістелді. Аталмыш жобаға атыс алаңының негізгі элементтерінен басқа, нысандар мен оларға арналған тұғырларды орнатылуы кіреді, ал осы шараны қаржыландыруды өз мойнына ЖШС «Казцинк» компаниясы алған болатын.

Бүгінгі таңда, атыс алаңының ауданы 120 х 60 метрді құрайды, оқ ату шебі саны - 20 (екі позицияда: жатып және тұрып). Атыс алаңынының құрылысының аяқталуы және пайдалануға беру мерзімі осы жылдың 03 шілдесіне жоспарланған, алайда спорт белсенділеінің жоспары - аумақты одан әрі де жақсарту және кешеннің материалдық базасын толықтыру.

Болашақта аталмыш объектіде Риддер қаласының қатысушылары арасында бақылау жарыстары, облыс біріншілігінің жарыстары және т.б. шаралар өткізу жоспарлануда. Бұл жарыстар осы жылдың желтоқсан айында өтетін «Қазақстан Республикасы биатлоншылар одағы кубогының» бірінші кезеңі секілді республикалық деңгейдегі ірі іс-шараларға қабылданудың өзіндік трамплині деп айта кетсек болады.
Ынталы топтың, жеке кәсіпкерлердің, Риддер қаласының әкімшілігі және «Нұр Отан» партиясының белсенділерінің жұмыстары тамамдалып, көп ұзамай «Тұңғыш Президент атындағы саябақтың» кешеніне негізделген бірегей ғимарат, пневматикалық винтовкаға арналған атыс алаңының аяқталуын тамашайлай аламыз. Бұл өз алдына еліміздің биатлоншыларының жаттықтығу жағдайын жақсартуға бейімделген, қажетті іс-шара!



