Халықаралық

Щучинскіде биатлоннан жазғы Азия чемпионаты аяқталды: Қазақстан құрамасында - 27 медаль

Щучинск қаласындағы Олимпиадалық даярлау орталығының базасында биатлоннан жазғы Азия чемпионаты өтті. Жарысқа 7 елден - Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Жапония, Оңтүстік Корея, Тайланд және Тайбэйден - барлығы 185 спортшы қатысты.
Щучинскіде биатлоннан жазғы Азия чемпионаты аяқталды:  Қазақстан құрамасында - 27 медаль

Чемпионат екі күнге созылды: бірінші күні спринт жарысы, екінші күні жекелей жарыс өтті. Барлық жарыстар «Qaz Biathlon» федерацияның Youtube арнасы арқылы тікелей эфирде көрсетілді.

Чемпионаттың бірінші күнінде салтанатты марапаттау рәсімі өтіп, оның барысында паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлер тобына 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында жеткен тарихи жеңісі үшін ақшалай сертификаттар табысталды.

Екі жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте көш бастап, барлық жас топтары бойынша — жасөспірімдерден бастап ересек спортшыларға дейін — 7 алтын, 10 күміс және 10 қола, барлығы 27 медаль жеңіп алды.

Бірінші күн қорытындысы — спринт жарысы

Ерлер арасында: 1-орын — Тимофей Лапшин (Оңтүстік Корея), 2-орын — Асет Дюсенов (Қазақстан), 3-орын — Александр Мухин (Қазақстан).

Әйелдер: 1-орын — Ko Eunjung (Оңтүстік Корея), 2-орын — Jung Jumi (Оңтүстік Корея), 3-орын — Анастасия Хвощенок (Қазақстан).

Юниорлар: 1-орын — Kim Jeongyeon (Оңтүстік Корея), 2-орын — Захар Шкарин (Қазақстан), 3-орын — Артур Сапарбеков (Қырғызстан).

Юниор қыздар: 1-орын — Виолетта Митропольская (Қазақстан), 2-орын — Евгения Вадутова (Қазақстан), 3-орын — Надежда Щедрина (Қазақстан).

Жасөспірім ұлдар: 1-орын — Кирилл Косолапов (Қазақстан), 2-орын — Леонид Жулин (Қазақстан), 3-орын — Максим Гучинский (Қазақстан).

Жасөспірім қыздар: 1-орын — Жанерке Тудахунова (Қазақстан), 2-орын — Варвара Небогатова (Қазақстан), 3-орын — Милена Машковская (Қазақстан).

Екінші күн қорытындысы — жекелей жарыс

Ерлер арасында: 1-орын — Тимофей Лапшин (Оңтүстік Корея), 2-орын — Руслан Амурлаев (Қазақстан), 3-орын — Асет Дюсенов (Қазақстан).

Әйелдер: 1-орын — Jung Jumi (Оңтүстік Корея), 2-орын — Дарья Климина (Қазақстан), 3-орын —Ko Eunjung (Оңтүстік Корея).

Юниорлар: 1-орын — Захар Шкарин (Қазақстан), 2-орын — Kim Jeongyeon (Оңтүстік Корея), 3-орын — Антон Редкин (Қазақстан).

Юниор қыздар: 1-орын — Надежда Щедрина (Қазақстан), 2-орын — Мария Воробьева (Қазақстан), 3-орын — Валентина Рейтарова (Қазақстан).

Жасөспірім ұлдар: 1-орын — Никита Дудченко (Қазақстан), 2-орын — Леонид Жулин (Қазақстан), 3-орын — Игорь Зотов (Қазақстан).

Жасөспірім қыздар: 1-орын — Милена Машковская (Қазақстан), 2-орын — Милана Дымовских (Қазақстан), 3-орын — Omura Yuna (Жапония).