Халықаралық

Щучинскіде IBU-IOC Summer Asian Development Camp 2026 өтеді

Щучинскіде IBU-IOC Summer Asian Development Camp 2026 - Азияның биатлон дамушы елдерінен келген жас биатлоншыларға арналған халықаралық спорттық лагерь өтеді.

Бұл лагерь IBU аймақтық курстарының жалғасы болып табылады және Азияда биатлонды дамытуға арналған ұзақ мерзімді жоспардың бір бөлігі болып саналады.

Лагердің басты ерекшелігі - оның инклюзивті форматында. Жаттығулар мен іс-шаралар пара-биатлоншылар мен олардың жаттықтырушыларымен бірлесіп өткізіледі, бұл ортақ оқу ортасын қалыптастырып, олимпиадалық және пара-биатлон арасындағы алмасуды нығайтады.

Лагердің мақсаттары:

-Спортшылардың шаңғы-роллер жүрісі, ату дайындығы және дене шынықтыру деңгейін жетілдіруге көмектесу;

-Спортшылар мен жаттықтырушыларды ұзақ мерзімді дамытуда қолдау көрсету;

-Семинарлар мен практикалық жаттығулар арқылы оқыту;

-Азия биатлон федерациялары арасындағы байланысты нығайту;

-Жас спортшыларды болашақ жарыстарға дайындауға көмектесу;

-Олимпиадалық және пара-биатлон спортшыларын жақындастыру.

Лагерді біздің биатлоннан жастар командасының жаттықтырушы-кеңесшісі, IBU академиясының сертификатталған жаттықтырушысы Лука Бормолини (Италия) басқарады. Оған мына мамандар көмектеседі:

-Варья Солт (Норвегия)

-Сари Маэда (Жапония)

-Мёнчхоль Им (Корея Республикасы)

-Алина Коломиец (Қазақстан)

📷: Gregor Sinder