Жасөспірім құрамасының бапкері IBU академиясында біліктілік арттыру курсын өтіп жатыр

Биатлоннан ҚР жасөспірімдер құрамасының бапкері Владимир Затула Польшадағы IBU Академиясында білім алуда.
Жасөспірім құрамасының бапкері IBU академиясында біліктілік арттыру курсын өтіп жатыр

Владимир Геннадьевич Затула IBU Академиясының жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру курсына Қазақстан биатлоншылар одағынан ұсынылды. 2022 жылдың мамыр айында оқуға грант ұтып алған Владимир Геннадьевич спортшылардың функционалдық дайындығы, психология және ату бойынша білім алады.

Академиядағы курс 4 модульден тұрады, оның екеуі өткен жылдың соңында аяқталды.

Академияда оқу құнын ішінара IBU өзі, ішінара Олимпиадалық ынтымақтастық бағдарламасы бойынша Халықаралық Олимпиада комитеті өтейді.

IBU академиясы зерттеулер, білім беру, сақтау және тәжірибе арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақтар үшін биатлон әлемін жақсартуға ұмтылады. IBUA бүкіл әлем бойынша биатлонның барлық салаларында жұмыс істейтін болашақ көшбасшыларды дайындайды.

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған