Қазақстан биатлоншылар одағы паралимпиада чемпионы Ербол Хамитов пен оның бапкерлерін ақшалай сертификатпен марапаттады

Марапатқа сай, паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовтың өзі Италиядағы Ойындардағы тарихи жеңісі үшін 2 000 000 теңге сертификатын иеленді. Спортшыны үлкен жарыстарға талай жылдар бойы дайындап келген жеке бапкері Антон Жданович 1 000 000 теңге сертификатымен марапатталды. Ал паралимпиадаға дайындықта елеулі үлес қосқан Қазақстан құрамасының пара биатлоннан бас бапкері Василий Коломиец те дәл сондай - 1 000 000 теңге сертификатын алды.
Еске сала кетейік, 2026 жылдың наурыз айында Ербол Хамитов Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өткен қысқы Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан ел тарихындағы тұңғыш алтын жүлдені иеленді.
Ермек Ануарбекұлы Кизатов паралимпиада чемпионы мен оның бапкерлерінің еңбегін мойындаудың маңыздылығын атап өтіп, мұның бүкіл пара спорт қауымдастығы үшін маңызды екенін жеткізді.
«Ерболдың Паралимпиада ойындарындағы алтыны-оның өзінің де, бапкерлер тобының да көп жылғы аянбай еңбегінің нәтижесі. Қазақстан биатлоншылар одағы үшін мұндай жеңістердің тиісті назардан және қолдаудан тыс қалмауы маңызды. Бұл - біздің пара спортты дамытуға қосқан үлесіміз әрі болашақ чемпиондарға берілген серпін», - деді Ермек Кизатов.
Марапаттау салтанаты 7 мемлекеттен келген спортшылар мен жаттықтырушылардың қатысуымен Биатлоннан Азия жазғы чемпионаты кезінде ұйымдастырылып, бұл жетістікті үлкен спорттық мерекенің аясында атап өтуге мүмкіндік берді.
Қазақстан биатлоншылар одағы Ербол Хамитовты, Антон Ждановичті және Василий Коломиецті құттықтап, жаңа спорттық жетістіктер тілейді.





