СҮЙІНШІ! АЛҒАШ РЕТ БИАТЛОННАН ҚАЗАҚСТАН КОМАНДАСЫ ЕРЛЕР ІЗ ҚУУ ЖАРЫСЫНДА ҮЗДІК 20 ЕНДІ

"Владислав Киреев барлық төрт ату аймағында бірде-бір қателік жібермей, нысаналарды дәл көздеді. Бұл мінсіз ату нәтижесі оған 20-шы орынды иеленіп, өзінің спорттық карьерасында және ұлттық команда тарихында із қуу жарысындағы ең үздік нәтижені тіркеуге мүмкіндік берді.Владислав Киреевтің нәтижесі тек биатлонда ғана емес, жалпы отандық спорттағы маңызды оқиға. Таза атуы және үздік жиырмалыққа кіруі біздің жаттығу жоспарымыздың дұрыстығының бір көрінісі және Қазақстан биатлонындағы жаңа бір серпіліс. Спортшымызды, жаттықтырушыларымызды және жанкүйерлерімізді айтулы нәтижемен құттықтаймын»-команданың Бас жаттықтырушысы Мақсат Шаранов.
Сондай-ақ, із қуу жарысына қатысқан тағы бір спортшымыз Әсет Дүйсеновтің де нәтижесін атап өткіміз келеді. Ол соңғы ату аймағында екі қате жіберсе де, жарысты 37-ші орынмен аяқтап, үздік 40 спортшының қатарына енді. Екі спортшымыздың да із қуу жарысына жолдама алып, үздіктер қатарынан көрінуі біз үшін үлкен қуаныш.Әлем Кубогі аяқталған жоқ. Ертең ерлер құрамасы эстафеталық жарыста бақ сынайды



