Щучинск қаласында балалар арасындағы ҚБО кубогы басталады

31 наурыз бен 4 сәуір аралығында Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлерінен олимпиадалық оқу-жаттығу орталығында балалар арасындағы ҚБО Кубогы өтеді. Олар спринт және жеке жүгіру жарысында қатысады.
Щучинск қаласында балалар арасындағы ҚБО кубогы басталады

Жарыстарда СҚО, ШҚО, Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстарының жас биатлоншылары екі топқа бөлінеді: 2007-2008 және 2009-2010 жылда туылған спортшылар.

Іс-шара жыл сайын балалар спортын дамыту бағдарламасы аясында және кішкентай спортшыларымызды бала кезінен халықаралық жарыстарға дайындау мақсатында өткізіледі.

Ал біз жанкүйерлеріміздің естеріне сала кетейік: ертең жасөспірімдер командасы Щучинск қаласында өтетін Ашық Азия чемпионатының соңғы жарысына бақ сынайды.

Сонымен қатар, біздің кұрама командамыз Осло қаласында өтетін әлем Кубогының соңғы кезеңі аясында масс старт жарысында қатысады.

Биылғы маусымның финалдық кезеңінің аяқталу алдында барша спортшыларымызға сәттілік тілейік. Алға Қазақстан!

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған