«Тарихтың айтуы бойынша…» айдары. Биатлон тарихының бастау алуы мен ХХ ғасырдың басындағы дамуы.

Биатлон - бұл шаңғымен белгілі қашықтықтарда, бейімді позициялардан тұрып немесе жатып, арнайы қару қолдану арқылы атыс алаңдарындағы сырғанау жарысы. Алайда, сұрақ, сонау қызықты қысқы спорттың мәдениеті қайдан және қалай пайда болды?
«Тарихтың айтуы бойынша…» айдары. Биатлон тарихының бастау алуы мен ХХ ғасырдың басындағы дамуы.

Биатлонның пайда болу тарихының сыры жеріміздің солтүстік аймақтарын мекендеген қарапайым адамдардың күнделікті өмірінде жатыр. Қар үстінде шаңғымен сырғанау өте ыңғайлы болды және қару ұстап, қарлы ормандарда аң аулау мүмкіндігі туындады. Шамамен 5000 жыл бұрын Норвегияда табылған жартастан жасалған суреттер шаңғы және қарумен аң аулаудың ең көне дәлелі болып табылады. Ежелгі заманнан бері шаңғы мен атуды біріктіру солтүстік халықтарының өмір сүруінің маңызды бөлігі болып келген, ата-бабаларымыздың осы дағдыларының арқасында жыл сайын бізге таныс биатлон толыққанды дамып, бүгінде біз білетін заманауи биатлон ретінде танылып отыр.

Кейіннен, бізге таныс биатлонға ұқсас алғашқы жарыстар 1767 жылы Швеция мен Норвегия шекарасында қызмет ететін әскери қызметкерлердің арасында өте бастады. Аталған елдердің сарбаздары шаңғы жарысында ату бойынша жарысты. Шекарашылардың мақсаты тау беткейлерінен түсіп, оқ жаудыру болды. Нысаналар тек 40-50 қадам жерде орналасқан болатын (яғни 30-35 метр). Бұл қашықтық ескі тегіс ұңғылы қару сипаттамаларына байланысты болды. Жарыстың нәтижесінде шекара сақшыларының ең дәл екі атысы марапатталды. Алайда, бәсекелестік үлкен танымалдылыққа ие болмады және ұзақ уақыт бойы тек әскери азаматтар үшін ғана мүмкін болып қала берді. 

1920 жылдан кейін шаңғы спорты бүкіл Еуропада танымалдыққа ие бола бастады. Биатлон жарысы нағыз сынақ ретінде қабылданды, себебі оған тек  отрядтардың құрамы болып саналатын әскери қызметкерлер ғана қатыса алды. Кем дегенде 25 шақырым қашықтықты құрайтын, тауларда өтетін жарыс. Көздейтін нысан адам келбетіндегі нұсқау, ал атыс - төрт қашықтықты құрайтын 50 ден 250 метрге дейінгі аралық. Оқ ату аймағындағы -қателіктер  үшін, бұрыннан белгілі ережелерге сәйкес,  айып ретінде қосымша минуттарды алады.

Алғашқы қысқы Олимпиада ойындары 1924 жылы француздық Шамониде өткені белгілі. Айтарлықтай  алты «әскери патрульдердің» төртеуі ғана мәреге жетті (Швейцария, Финляндия, Франция және Чехия).

Италия мен Польшадан келген мергендер жоғалып, жарыстан шықты. Алғашқы олимпиадалық медалдың жеңімпазы болып Швейцария әскери күштері атақталды. Кейіннен, дәстүрлі түрде, 1930 жылдан бері әскери патрульдер арасында жарыс бойынша әлем чемпионаттары өткізіліп келді. Әскери жарыстардың әсері, соншалықты қозғалыс белсенділігімен ерекшеленуі, бірнеше спорт түрлерінің  бір жарысқа бірігуі нәтижесінде патрульдік жарыстар жаңа тәуелсіз спорт - биатлонға айналды. Уақыт өте келе, кейінірек 1957 жылы атаулы спорт ресми түрде қабылданды.

Ақпарат көздері:

https://ru.wikipedia.org/?oldid=99484512

http://students.uni-vologda.ac.ru/pages/pm11/ste/about-history.html

https://olympic-history.ru/biatlon/istoriya-biatlona.html