Репортаждың II бөлімі «Қазір жылдамдықты арттырып, стартқа жақындай бастадық»: біздің командамыз Финляндияда оқу-жаттығу жиынын жалғастыруда.

«Бас жаттықтырушы Иван Трифонов екеуміз көлікпен 3000 шақырым жол жүріп, Таллинге келген соң, пароммен бірден Хельсинкиге аттандық. Онда біз Қазақстаннан ұшып келген үш спортшымызды: Мухин Александр, Кондратьева Анастасия және Сирик Сергейді кездестіріп, кейін бірге Контиолахти қаласына жолға шықтық», - дейді бас бапкер Мақсат Шаранов.

Контиолахти және оның биатлон стадионы Финляндияның шығыс аймағындағы Йоенсуу университеттік қаласынан 15 км шақырымда орналасқан.
Аумағын үлкен көлдер, өзендер мен биік қарағайлы ормандар орын алып жатыр. Бұрын Контиолахти стадионының орнында, фин орманының ортасында шағын жергілікті шаңғы клубы болған.
Финляндиядағы күз мезгілі дәстүрлі түрде салқын ауа-райымен және қарға ұласып жатқан жаңбырмен бірге жүреді. Бірақ Еуропада бір айға созылған оқу-жаттығу жиындар кезінде біздің спортшыларымыз жергілікті ауа-райына ғана емес, тағамға да үйреніп қалған.

Биатлоншымыз Дарья Климина жаттығу жиыны жайлы өз ойымен бөлісті: «Финляндиядағы 10 күннің ішінде біздің командамыз ПЦР-тестті тапсырды. Бізге 5 автокөлік бөлінгені өте ыңғайлы, оның біреуі әйелдер командасына және тағы біреуі ерлер командасына берілген. Ал базаға баратын жол шамамен 15 мин. алады. Әдетте таңертен шаңғымен 2 жаттығу жасаймыз. Қазір жылдамдықты арттырып, алда келер жарыстарға функционалды дайындығымызды арттырып жатырмыз».
Естеріңізге сала кетейік, Әлем Кубогы кезеңдерінің тартысты маусымына екі аптадан сәл астам уақыт қалды. Ал ақпан айында биатлоннан ҚР Ұлттық Құрамасы Бейжінге аттанып, Олимпиада ойындарына қатысады. Командамызға сәттілік тілейміз! Алға Қазақстан!



