ҚР Құрама командасына қызмет көрсетуші мүшелерінің біреуінде короновирустық инфекциясының анықталуы жайлы.

ҚР Құрама командасына қызмет көрсетуші мүшелерінің біреуінде короновирустық инфекциясының анықталуы жайлы.

ҚР биатлоншылар Одағы қазіргі уақытта Әлем Кубогының V кезеңі өтіп жатқан Оберхоф қаласында (Германия) ,ҚР құрамасының қызмет көрсетушісінің бірінде (массажист) коронавирустық инфекция анықталғанын хабарлайды. Құраманың бас бапкері Шаранов Мақсаттың хабарлауы бойынша массажист өзін жақсы сезініп жүр, және қазіргі уақытта оқшауланған. Онымен соңғы рет байланысқа шыққан тағы екі қызмет көрсетуші де карантинге алынды. ҚР құрамасы мүшелерінің біреуінде де вирустың оң нәтижесі анықталған жоқ. Қазірдің өзінде біздің команда ерлер мен әйелдер арасындағы кезекті спринт жарысында  өнер көрсетуде.