ҚР ұлттық Құрамасының жаттықтырушыларының жаңа жылдан кейінгі алғашқы сұхбаты. Бас бапкер мақсат Шаранов пен ерлер командасының жаттықтырушысы Мухин Александр

Ерлер командасының бапкері Мухин Александрға арналған сұрақтар:
1. Әлем Кубогі бойынша жеті кезең артта қалды, алайда біздің Құраманың осыған дейін жеткізген жолы ұзақ болды. Осы жолды қалай сипаттап және нақты қандай қиындықтар болды деп айта аласыз?
- Алдымен ұлттық Олимпиада Комитеті басшылығына, Қазақстан биатлоншылар Одағына және бас жаттықтырушымызға, біздің Құрама пандемияға қарамастан халықаралық жарыстарға шығуы үшін алғыс білдіргім келеді.
2. Жаңа жылдан кейін Құрама жақсы нәтижелер көрсете бастады, осы арада спортшылардың қайсысы өзін көшбасшы ретінде көрсет алды?
- Ерлер Құрамасы қазір өтпелі кезеңде, яғни өте жас команда және қазір жоғары деңгейде күресу өте қиын. ӘК-нің алғашқы екі кезеңі толық формада болмады және нәтижелерде қуантқан жоқ, содан тебудің жаман көрсеткіші қардың болмауынан әсер етті. Бірақ жігіттер батыл болып, кейін, келесі бес кезеңде олар жақсы нәтиже көрсете бастады. Біздің ең жақсы спортшылар әлі де дисквалификацияда болғанына қарамастан, өзін Ұлттық құраманың көшбасшылары ретінде Александр Мухин, оған қатар жас Киреев Владислав көрсетті. Сирик Сергей мен Белецкий Данил қолдады да арттарынан ілігуге тырысты. Осы Құраммен біз Әлем чемпионатына қатысу үшін оқу-жаттығу жиынтықтарына Словенияға атталдық.
3. Әлем чемпионатының басталуына өте аз уақыт қалды, дайындық қалай өтіп жатыр?
- Әлем чемпионатына дайындық штаттық режимде өтіп жатыр, әлемдегі пандемиямен байланысты ұйымдастырушылардың тебу жолына жібермеуін санамасақ қалған жағдайдың бәрін бізге Ұлттық Олимпиада комитеті мен Қазақстан биатлоншылар Одағы толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Бұл дәрігер, массажист, қызмет көрсетушілер және өмір сүру жағдайлары. Иә, Әлем чемпионатына аз ғана уақыт қалды, барлық жанкүйерлерімізге түсіністік пен қолдау үшін алғыс айтқым келеді. Өз нәтижелерімізбен қуантып, еліміз Қазақстанды даңқтауға тырысамыз!
Бас бапкер Шаранов Мақсатпен сұхбат:
1. Шетелге шығу рәсімі әрдайым ауқымды ісшара , ал ағымдағы маусымды тіпті де пандемия қиындатты... Бұл процесс қаншалықты күрделі болды және сіз осы үлкен жұмыс көлемін қалай басқардыңыз?
- Иә, осы сәтті атап кеткеніңіз үшін рахмет. Әрине, шетелге кетуге байланысты осы жұмыстардың барлығы маған ғана байланысты болған жоқ, біріншіден, бұл одақтар арасындағы қарым-қатынастың, яғни ҚР биатлоншылар одағы мен Халықаралық биатлоншылар одағы арасындағы қарым-қатынастың жолға қойылуының жемісі. Басшылардың ұйымдастырылған жұмысы және біздің күшімізге деген сенім нәтижесінде шетелге уақытында шығуға мүмкіндік берілді. Бізге келетін болсақ, біз жұмысымыздың әртүрлі кездейсоқ жағдайлары мен қиындықтарына үйреніп қалдық. Басшылықтың қолдауының арқасында біз қиындықтардың ауыртпалығын көп сезінбедік деп те айта аламыз. Ең бастысы, барлық жаттықтырушылар құрамы, медицина қызметкерлері мен сервисмендердің алға ұмтылу деген үлкен ықыласы болды! Осыған орай ҚР биатлоншылар Одағына, Ұлттық Олимпиада комитетіне, ҚР ведомствоаралық комиссиясына, сондай-ақ мәдениет және спорт министрлігіне, қолдау көрсеткен және бізбен бірге болған барлық адамдарға алғысымды білдіргім келеді!
2. Құрама қандай өзгерістер кешті? Әлем Чемпионатында еліміздің намысын кімдер қорғайды?
- Иә, Құрама өткен маусыммен салыстырғанда үлкен өзгерістерге ұшырады, бұрын айтып өткенімдей, ұлттық Құраманың жас құрамы өте өршіл, көздері жанып тұрған және мақсаттарына қол жеткізуге ынталы, ал ең бастысы сол мақсаттарына тайынбай алға басушылар! Өз тарапымыздан болса, барлық жаттықтырушылар құрамының атынан әдеттегідей спортшылардың барлық жағдайын барынша қамтамасыз етіп, оларды қолдайтын боламыз. Жеке мен Ұлттық бұл құрамға өте ризамын және өте жақсы спортшылдардан тұрады де ойлаймын.
3. Ұлттық құраманың алдағы Олимпиада ойындарына квоталар алу мүмкіндігін қалай бағалайсыз?
- Олимпиада ойындарында ең алдымен сандық іріктеу бойынша белгілі бір критерийлер бар. Осы маусымда біз келесі маусымдағы ӘКК квоталарын анықтаймыз, қазіргі кезде қыздар Жапониямен ұлт Кубогында 17 - ші орын үшін күреседі, өйткені женген жағдайда келесі маусымда бізде 4 квота болады. Демек, ерлер үшін үш квотаны алу мүмкіндігі 23-ші орынға ие болумен бағытталған. Айта кетерлік, Олимпиада үшін бізге 4 әйел мен 2 ер адам қажет. Мүмкіндіктер жайлы айтатын болсақ, ұпай саны 2020 жылдың қарашасынан басталып, 2022 жылдың 16 қаңтарына дейін саналатынын білеміз. Сондықтан маусым бойы осы кезеңде әйелдер мен ерлер арасында келесі санаттар бойынша үздік старттар ескерілетін болады, олар: 6 үздік спринт, бір үздік жеке жарыс, 3 үздік толық эстафета, бір үздік сингл-микст және бір үздік аралас эстафета. Сингл-микст бойынша болса біздің қоржында көрсеткіш ретінде 10-шы орын бар яғни бұл бізде мүмкіндіктер бар екенің белгісі, осыған орай тек алға ұмтыламыз!



