Риддерде Grand Tour Biathlon-ның үшінші маусымы ресми түрде ашылды!

Риддер қаласы нағыз спорт мерекесінің орталығына айналды! Еліміздің 10 өңірінен келген 170 жас таланты биатлоннан ең ауқымды балалар жарысы - Grand Tour Biathlon (GTB) жобасының үшінші маусымын бастап кетті. Биылғы маусымның басты жаңалығы - қатарға Астана мен Ақтөбе командаларының қосылуы. Бұл балалар биатлонының географиясы кеңейіп, танымалдылығы артып келе жатқанының жарқын дәлелі.
Риддерде Grand Tour Biathlon-ның үшінші маусымы ресми түрде ашылды!

Спринт нәтижелері:

Ұлдар (2011–2012): 1. Карпачев Федор (ШҚО), 2.Базилинский Илиан (Қостанай), 3. Трайбер Данил (Ақмола обл).

Кіші ұлдар (2013–2014): 1. Зонов Генадий (Абай обл), 2. Сподин Давид (Риддер), 3. Сарсембаев Рамиль (Риддер).

Қыздар (2011–2012): 1.Харис Амили (Қостанай), 2. Умурзакова Татьяна (Қостанай), 3. Ковган Анастасия (Риддер).

Кіші қыздар (2013–2015): 1. Дудина Варвара (Қостанай), 2. Романцова Виктория (Риддер), 3. Полторанина Кристина (Риддер).

Жекелей жарыс:

Ұлдар: Зонов Генадий (Абай обл) мен Базилинский Илиан (Қостанай) алтын тұғырдан көрінді.

Қыздар: Дудина Варвара (Қостанай) мен Крашкевич Ксения (Павлодар) үздік нәтиже көрсетті.

Дәстүр бойынша барлық жеңімпаздар жоба серіктесі KV+ компаниясының кәсіби жүлделеріне ие болды. Ал 4, 5 және 6-орын иегерлеріне GTB-ның фирмалық бойтұмарлары табысталды - бұл әрбір қатысушының біз үшін маңызды екендігінің белгісі.

Жанкүйерлер үшін "Qaz Biathlon" YouTube-арнасында тікелей трансляция жүргізіліп, лазерлік мылтықтан ату сайыстары ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Риддер кезеңіне арнайы шығарылған жаңа GTB мерч-өнімдері таныстырылды.

Келесі аялдама - Қостанай!

Ақпан айында Grand Tour Biathlon-ның екінші кезеңі өтеді. Бұл деңгейдегі жарысты Қостанай қаласы алғаш рет қабылдайтын болады. Жаңа рекордтар мен жарқын эмоцияларға дайын болыңыздар!