Биатлоннан ҚР Ұлттық құрамасының жаңа жаттықтырушылардың тізімі бекітілді
- Мухин Александр Николаевич биатлоннан ҚР Ұлттық құрамасының бас бапкері,
- Выдрин Николай Николаевич Ұлттық әйелдер құрамасының аға жаттықтырушысы,
- Шаранов Мақсат Жетпісбайұлы Ұлттық құраманың аға менеджері,
- Трифонов Иван Валерьевич Ұлттық жастар құрамасының аға жаттықтырушысы,
- Затула Владимир Геннадьевич жастар құрамасының жаттықтырушысы ретінде тағайындау туралы шешім қабылданды.
Құрметті жаттықтырушылар, сіздерді жаңа лауазымдарыңызбен құттықтаймыз! Сіздің тәжиребелеріңіз бен құзыреттілігіңіз бапкерлік ісінде жағымды әсерін тигізетініне сенімдіміз!
Сонымен қатар, біздің федерациямыз ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, басқа елдерден келген мамандардың түрлі нұсқаларын қарастырды.
Талқылаудан кейін өзіміздің отандық жаттықтырушыларымыздың білімі мен кәсіби өсуіне көбірек көңіл бөлу туралы шешім қабылданды. Шетелдік үздік сарапшылардан алған білім отандық биатлон тарихына үлкен үлес қосуға және әлемге үздік жаттықтырушыларды таныстыруға жол ашады деп сенеміз!
Осылайша, мамыр айында одағымыз жастар құрамасының жаттықтырушысы Затула Владимир Геннадьевичті IBU академиясы тарапынан өткізілетін оқыту семинарына жіберілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы біз IBU инспекциясын қонақ ретінде Щучинск қаласында қарсы алып, төрешілер семинарын ұйымдастырдық. Ал қорытынды емтихан барысында біздің төрешілер халықаралық төрешілер санатын алды! Және бұл бағдарламамыздың басы ғана! Расында да, болашақта біздің Одағымыз Еуропа елдеріне бапкелерімізді жиі жіберіп қана қоймай, оқыту семинарларын өткізуге үздік шетелдік мамандарды шақыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, осы жазда біз Щучинск қаласындағы қысқы спорт түрлерінен Олимпиадалық даярлау орталығында Моңғолия мен Қырғызстаннан келген достарымызды қарсы алып, жасөспірімдер мен жеткіншектер арасындағы Sports Camp іс-шарасын өткіземіз.