Әлем Кубогі: Ерлер құрамасы эстафетада үздік 11 команданың қатарына енді
Отандық биатлон тарихында ұзақ уақыттан бері алғаш рет ерлер құрамасы Әлем Кубогі кезеңінің эстафеталық жарысында үздік 11-ліктің қатарынан көрінді. Бұл туралы Қазақстан Биатлоншылар одағының баспасөз қызметі хабарлайды.

Германияның Оберхоф қаласында өткен Әлем Кубогінің төртінші кезеңі аясында ұйымдастырылған 7 шақырымдық эстафетаға 21 команда қатысты. Ел намысын Александр Мухин, Владислав Киреев, Әсет Дюсенов және Никита Акимов қорғады.
Осы сәтті өнер көрсетудің арқасында 4 кезеңнің қорытындысы бойынша Қазақстан Ұлттар Кубогінің рейтингінде 12-орынға көтерілді.



