Grand Tour Biathlon жеңімпаздары Liatoppen фестиваліне Норвегияға аттанады

Қыздар арасында Норвегияға Небогатова Варвара мен Трифанова Валерия, ал ұлдар арасында Немцев Егор мен Нанакин Артем іріктеуден өтті.
Айта кетейік, Небогатова Варвара мен Немцев Егор өткен маусымның жеңімпаздары және осы маусымда да керемет нәтижелер көрсетіп, көшбасшылар қатарынан көрінуде. Спортшылармен балалар жаттықтырушысы Сергей Дудченко барады.
Естеріңізге сала кетейік, Grand Tour Biathlon – Қазақстан Кубогының 4 қысқы және 2 жазғы кезеңдерден тұратын жаңа форматы. Бұл формат әлем Кубогының кезеңдеріне барынша ұқсас, мұнда аралық көшбасшылар қызыл жейде киеді, ал маусым қорытындысы бойынша Астанада өтетін соңғы кезеңде хрустальді кубок пен маусым жеңімпаздары, сондай-ақ сары жейде иегерлері анықталады.
Федерацияның басты мақсаты – балаларға халықаралық жарыстардың атмосферасын сезіндіру мүмкіндігін беру және осы жобаны отандық биатлонның брендіне айналдыру.
Спортшылардың іріктелуі үш қысқы кезеңнің нәтижелері бойынша өтті, толық рейтинг біздің сайтта biathlonunion.kz, Grand Tour Biathlon бөлімінде.