Әлем Кубогы бірінші кезеңінің қорытындысы - 2021/22

Барлығы 113 әйел және 117 ер спринт жарысында мәреге жетті. Жеке жүгіруде – 111 әйел және 114 ер.
27 қарашада өткен әйелдер арасындағы жеке жүгіруден чехиялық Маркета Давидова көш бастады.
Қазақстан Құрамасы арасында Галина Вишневская-Шепоренко үздік нәтиже көрсетіп, 52-ші орынға ие болды. Дарья Климина мәреге 76-шы, ал Анастасия Кондратьева 87-ші болып келді.
Ерлер арасында норвегиялық Стурла Леград көш бастады. Біздің командада ең жақсы нәтижені 62-ші орынға ие болған Владислав Киреев көрсетті. Александр Мухин 87-ші болды.
Әйелдер арасындағы спринтте швециялық Ханна Эберг бірінші орын алды.
64-ші Галина Вишневская, 80-ші Дарья Климина және 108-ші Анастасия Кондратьева мәреге жетті.
Ерлер арасында швед Себастьян Самуэльссон спринт жарысында көш бастап тұрса, екінші және үшінші орындарды норвегиялық Ветле Кристиансен мен Йоханнес Бё иеленді.
Қазақстан Құрамасы арасында Данил Белецкий 87-ші, ал Александр Мухин 91-ші болды.
Ал біз жанкүйерлерімізге еске сала кетейік: Әлем Кубогының екінші кезеңі 2-5 желтоқсанда Эстерсунд қаласында өтеді.
Толық кестені біздің «күнтізбе» бөлімінде таба аласыз.
Командамызға сәттілік тілейміз! Алға Қазақстан!



