Биатлоннан Әлем Кубогі: екі спортшымыз із қуу жарысына жолдама алды

Бүгін Австрияның Хохвильцен қаласында биатлоннан Әлем Кубогінің екінші кезеңі спринт жарыстарынан басталды,деп хабарлайды Қазақстан Биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі.
Биатлоннан Әлем Кубогі: екі спортшымыз із қуу жарысына жолдама алды

Ерлер командасы сапында Владислав Киреев, Асет Дюсенов және Вадим Куралес өнер көрсетті. Нәтижесі бойынша, Владислав Киреев пен  Асет Дюсенов үздік алпыс спортшының қатарына еніп, ертеңге із қуу жарысына жолдама алды. Владислав Киреев жарыс жеңімпазы италиялық  Томаззо Джакомельден 1 минут 42 секунд артта қалып, мәреге 33-ші, ал Асет Дюсенов 2 минут 04 секунд айырмашылықпен 53-ші болып келді. Екеуі де ату аймағында бір-бір қатеден жіберді. Вадим Куралес үшін бұл сайыс оңайға соқпады, ол әр ату кезінде екі қатеден жіберіп, 3 минут 48 секундтан кейін 97-ші болып жарысты аяқтады.

Ертеңгі жарыс-із қуу. Сайыс ережесі бойынша, спортшылар бүгінгі спринтте жарыс жеңімпазынан қанша уақытқа артта қалса, сонша уақыттан кейін бастайды. Із қуу жарысының нәтижесі команданың Ұлттар Кубогі рейтингісіне ұпай әкеледі.