Биатлоннан Liatoppen халықаралық балалар фестивалінде бақ сынаған қазақстандық спортшылар елге оралды
Бүгін таңертең Астана қаласының Халықаралық әуежайынан Норвегияда өткен биатлоннан ең ауқымды балалар фестиваліне қатысқан жас биатлоншыларды ата-аналары мен федерация қызметкерлері күтіп алды.
Балалар тұңғыш рет шетелдік жарыстардың ұйымдастырылу деңгейін көріп, жаңа достар тауып, одан әрі биатлонға деген қызығушылықтары артқанын жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жаңа форматқа ие болған Grand Tour Biathlon сайысының рейтинг қорытындысы бойынша 2009 жылы туылған 4 үздік биатлоншы алғаш рет ең ауқымды балалар жарысына қатысуға мүмкіндік алған болатын. Бұл бастама Қазақстан Биатлоншылар Одағының қолдауымен балалар спортын дамыту, әсіресе жаңадан биатлон бөлімдері ашылған аймақтарда спортшылар санын көбейту және Астана қаласында биатлон бөлімін ашу мақсатымен ұйымдастырылуда.
Федерация Grand Tour Biathlon жарыстарын отандық биатлон тарихындағы ең ірі балалар фестиваліне айналдыруға ниетті.