Қысқы республикалық спартакиаданың қорытындысы
Шараның басты мақсаты - спортшыларымызды 38 күннен кейін басталатын Олимпиада ойындарына және халықаралық жарыстарға даярлау. Сондай-ақ, спартакиада қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын жасақтау мақсатында қысқы спорт түрлерінен ең мықты спортшылар анықталады.
Спартакияданың аясында еліміздің барлық өңірінен келген спортшылар 14 спорт түрінен жарыстарға қатысты: биатлон, сноуборд, керлинг, фристайл (акробатика), фристайл (могул), мәнерлеп сырғанау, шаңғымен секіру, аралас шаңғы, шорт-трек, тау шаңғысы спорты, конькимен жүгіру, шайбалы хоккей (әйелдер).
Спартакиада қорытындысы бойынша биатлоннан жалпыкомандалық есепте ең үздік нәтижені Шығыс Қазақстан облысының биатлошылары көрсетіп, 980 ұпай жинады.
Көшбасшыдан 42 ұпайға қалып қойған Ақмола облысының командасы екінші орынды иеленді.
421 ұпай алған Алматы облысы үздік үштікке енді.
Толық кесте төменде көрсетілген: