GTB: Биатлондағы Жүйелі Революция. Біздің Нақты Бағытымыз – 2030-2034 жылғы Олимпиада Медальдары

Қазақстан Биатлоншылар Одағы отандық биатлонның келбетін түбегейлі өзгертіп жатқан ең ауқымды жасөспірімдер жарысы – "Grand Tour Biathlon" (GTB) жобасының үшінші маусымы басталғанын жариялайды. Риддерде (Шығыс Қазақстан облысы) өткен бірінші кезеңге еліміздің 10 өңірінен 170-ке жуық жас спортшы жиналды, бұл жобаға деген қызығушылықтың артқанын растайды.
GTB: Биатлондағы Жүйелі Революция. Біздің Нақты Бағытымыз – 2030-2034  жылғы Олимпиада Медальдары

Жобаның басты миссиясы-Ұлттық құрамаға мықты резерв дайындау. Бұл жай ғана  аймақтық жарыс емес, жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының жаңа, заманауи форматы. Ол барынша Әлем Кубогіне ұқсастырылған. Маусым 5 кезеңнен тұрады, оның үшеуі қысқы, екеуі жазғы. Әр кезең еліміздің әртүрлі қаласында ұйымдастырылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Федерация тарапынан арнайы бағалы сыйлықтар күтеді. Спринт және жеке жарыс көшбасшылары қызыл жейде, ал маусым жеңімпаздары сары жейде және хрустальді Кубок иеленеді.

Балаларға жас кезінен озық жаттығу тәжірибесін енгізу үшін шетелдік маман – биатлоннан Чехия әйелдер құрамасының бұрынғы аға жаттықтырушысы, итальяндық Лука Бормолини шақырылды. Оның міндеті – жас спортшыларға мінез және оған Әлем чемпионатының жүлдегері Кэмпбелл Райтпен жұмыс істеуге көмектескен стандарттарды бізде де қалыптастыру.

Қазақстан биатлоншылар одағы мен Норвегия федерациясының арасындағы келісімге сәйкес, екі қысқы кезеңнің рейтингісі бойынша үздік биатлоншылар Норвегиядағы ең ауқымды Liatoppen (Лиатоппен) фестиваліне жолдама алады. Ең үздік 5 команда Астанадағы финалдық кезеңде жалпықоры 10 млн теңгені құрайтын ақшалай сертификаттарға қол жеткізеді. Алайда, қаражат қолма-қол берілмейді. Өңірлер қажетті спорттық жабдықтардың тізімін береді, ал Федерация оларға сатып алып, командаларға жеткізеді. Осылайша, әр тиынның балалар спортына жұмсалатынына кепілдік береді. Сонымен қатар, жыл бойы спортшылары үздіктер қатарынан көрінген жаттықтырушы 500 мың теңге иеленеді. Федерацияның бұл жобаны ұйымдастырудағы басты мақсаты- елімізде биатлон спортын дамыту, жас спортшыларға бала кездерінен халықаралық тәжірибе, ең жаңа спорттық жабдықтарды, жаттығуға ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз ете отырып, Ұлттық құрамаға мықты резерв дайындау.Біз жас спортшыларымыздың бойында ұлттық рух,спорттық мінез бен чемпиондық менталитетті тәрбиелей отырып, 2030-2034 жылдарыОлимпиада ойындарының медаліне қол созамыз.