Grand Tour Biathlon: биатлоннан балалар арасындағы Қазақстан Кубогі өз мәресіне жетті

Бүгін Ақсайда балалар арасында биатлоннан ҚР Кубогының екінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Қазақстан биатлоншылар Одағының баспасөз қызметі. Жарысқа 60-тан астам биатлоншы қатысты. Жарысқа қатысушылар арасында Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарының өкілдері бар.
Grand Tour Biathlon: биатлоннан балалар арасындағы Қазақстан Кубогі өз мәресіне жетті

Жарыстың бірінші күні 2009-2011 жылдары туылған балалар 4,5 км қашықтықта өнер көрсетті. Спринт қорытындысы бойынша Риддерден Дудченко Никита көшбасшы атанса, екінші орынды Ақмола облысынан Ветригов Руслан, ал үшінші орынды ШҚО-дан немцев Егор иеленді.

2011-2013 жылдары туылған балалар арасында бірінші болып БҚО-дан Тәжібаев Арын, екінші болып Павлодардан Вячеслав Дымовских, үшінші болып ШҚО-дан Карпачев Федор мәреге жетті. 2009-2011 жылдары туылған қыздар 4,5 шақырымға жүгірді. Бұл жарыста Тудахунова Жанерке бірінші орынды, Небогатова Варвара екінші орынды, Кованова Ульяна үшінші орынды иеленді. 2011-2013 жылдары туылған қыздар арасында Жигулина София жеңімпаз атанды, одан кейін мәреге Крашкевич Ксения жетсе, үздік үштікті Романцова Виктория қорытындылады.

Жарыстың екінші күнінің қорытындысы бойынша жас биатлоншылар 4,8 км жеке жарыста өнер көрсетті. 2009-2010 жылдары туылған қыздар арасында ШҚО-дан Небогатова Варвара жеңіске жетті, екінші орынды Ақсайдан Тудахунова Жанерке иеленді және СҚО спортшысы Плешешникова Дарья жеңімпаз үштікті түйіндеді. 2011-2013 жылдары туылған қыздар арасында павлодарлық Крашкевич Ксения чемпион атанды, оның ізінен Эвелина Тимофеева екінші орынды, СҚО биатлоншысы Котвицкая Регина  үшінші орынды иеленді.

2009-2010 жылдары туылған балалар арасында ШҚО-дан Дудченко Никита екі жарыс күні қатарынан үздік нәтиже көрсетті. Павлодар облысының спортшысы Дусмагамбетов Ануар мәреге екінші болып келді, ал Егор Немцев қола медальға ие болды. 2011-2013 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында осындай қашықтықта екінші күн қатарынан бірінші орынды Арын Тәжібаев иеленді. Жүлделі екінші орынды ШҚО-дан Карпачев Федор иеленсе, Павлодар облысынан келген Вячеслав Дымовских үштікке еніп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Жарыстың соңғы күні достық эстафетасымен аяқталды. Кубоктың келесі кезеңі Павлодар қаласында өтеді.

Кері байланыс

  • БЗО «Қазақстан Биатлонистер Одағы»
  • Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 11/5 7 қабат, 707 кеңсе
  • Баспасөз қызметі: +7 771 688 2747
  • E-mail: kzbiathlonunion@gmail.com
© 2024 Барлық құқықтар қорғалған